• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2016

Ақпарттар ағыны

312 рет
көрсетілді

● Ұлттық қор несиелік тұрғын үй құрылысына қосымша 67 млрд. теңге бөлді. «Жыл соңына дейін 60 миллиард теңгенің 41,7 миллиарды игеріледі деп күтілуде. Қалған қаражат келесі жылдың екінші-үшінші тоқсандарында игеріледі», – деді осыған орай «Бәйтерек» Ұлттық холдингі басқармасының басшысы Ерболат Досаев. ● Қашағандағы мұнай өндіру жыл соңына дейін 35 мың тоннаға жетеді. Қазіргі таңда енді газ айдау көлемін арттыру мақсатында Қарашығанақ кен орнын одан әрі дамыту тұжырымдамасы қаралып жатыр. Осылар жа­йында мәлімдеген Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Қарашығанақты кеңейту жобасы келешекте 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. ● Жамбыл облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай 170-ке жуық шара өтті. Оған өңірде 50 мың адам қамтылды. Ал қала жастары «Рәміздерім – мақтанышым» атты акцияға белсене қатысты. ● Солтүстік Қазақстанда патриоттар форумы кең қа­нат жайды. Шара Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу­шы­лары дайындаған флешмобтан басталды. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов бұл күннің қазақ­стандықтар үшін ерекше еке­нін атап өтті. Себебі, шынайы патриоттық мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады. ● Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны аяқ­талды. Бұл кеше аймақ бас­шысы Сергей Кулагиннің қаты­суымен өткен аппарат мәжі­лісінде айтылды. Науқанда 4,217 миллион гектар аумаққа дәнді және бұршақ дақылдары себілген. ● Ақтоғайда сыйым­ды­лығы 5 000 тонналық қойма салынып жатыр. Мұндай дерек Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың осы ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде мәлім болды. «Ақтоғай Агро» ЖШС басшысы Игорь Головашов қойманың әрқайсысы 1 000 тонна көкөніс сыйдыратын бес секциядан тұратынын баяндады. ● Қызылордалық кәсіпкер тәжірибесі мол сарапшының жәрдеміне жүгінді. Сыр өңірінде жеке кәсіпкер Айдос Сайлығараевтың кондитерлік өнімдер шығаратын кәсіпорны әлемдік деңгейдегі тәжірибелі германиялық сарапшының көмегімен 21 күн бойы өнім түрлерін көбейту және сапасын жақсарту бағытында жұмыс жасады. ● Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданындағы шипалы көл суға толды. Бұл гид­ро­лог-ғалымдардың өткен ға­сырдың 90-шы жылдарынан бері үздіксіз тартылып келген Қы­зылкөлді қалпына келтіру бағытында жасаған жанды жұ­мыстарының нәтижесінде мүм­кін болды. Оның үстіне биылғы жауын-шашынның көп­тігі көлдің 70-80 пайызға дейін көтерілуіне ықпал жасады. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігі мәліметтері бойынша дайындалды