• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2016

125 балл жинаған түлектер

412 рет
көрсетілді

Бұрнағы жылы ҰБТ кезінде бүкіл республика бойынша күпті көңілдерді бірінші болып қуантқан Алматы қаласындағы мемлекеттік тілде физика-математика пәндерін тереңдете оқытатын №178 лицей болатын. Алғашқы болып 125 баллды аталмыш лицейдің түлегі Әбдіжапар Айғаным жинаған еді. Сол 2014 жылы бұл мектептің төрт бірдей түлегі 125 балл жинап, білім жағынан жұлдыздары жанған-ды. Ұдайы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрген Алматыдағы маңдайалды білім ордаларының бірі биыл да табыссыз емес. Үстіміздегі жылғы ҰБТ қоры­тын­дысы бойынша ең жоғары 125 балл­ды лицейдің 11 «ә» сынып оқу­шысы, «Алтын белгі» иегері Тү­гелбай Фариза Абайқызы жинады. Құрмет орденінің иегері, рес­публикамызға танымал математик Өтеш Қоңырбайұлы Әбдімажит басшылық ететін бұл мектепте биылғы оқу жылы 131 оқушы ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 34 оқушы алтын белгі қорғады, 21-і үздік аттестат иегері атанып, мек­тептің орта балы 110,9 болды. 5 оқушысы халықаралық ғылыми кон­курстар мен олимпиадалардың жүл­дегерлері, 8 оқушы шетелдік оқу орындары білім гранттарының ие­гері. Өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып отырған бұл лицей – бүгінгі күннің заманауи талаптарына сай білім ошағының бірі. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ