• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2016

Біржақты қозғалыс тәртібі енгізілді

685 рет
көрсетілді

Көзіқарақты қала тұр­ғындары мамырдың соңғы күндерінде елорданың кей­бір көшелеріне біржақты көлік қозғалысы енгізілгенін байқап үлгерді. Ал 5 мау­сымнан бастап қала көше­­лерін­де автобустарға арнал­ған Bus Lane жолақ­тары іске қосылды. Біржақты көлік қозғалысын енгізу көше-жол қозғалысы желі­сіне түсетін жүктемені азайту­ға және көлік құралдарының ор­та­ша жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. – Жобаны іске асырудың мақ­­саты – көше-жол қозға­лы­сы желісіне түсетін жүкте­мені, жол­дардағы апатты оқиға­лар­ды азайту, жолдардың өт­кі­зу қабі­леттілігін, көлік құрал­дары­ның орташа жылдамды­ғын арттыру болып табылады. Бірінші кезекте, кейбір көшелерде бір­жақты қозға­лыс енгізіледі. Содан кейін тәжі­­рибеге талдау жүргі­зіліп, бас­қа көшелерді қамту мүм­­кін­дігі қаралады, – дейді қала­­лық жолаушылар көлігі бас­қар­­ма­сының басшысы Еділ Сүлейменов. Бірінші кезекте 28 мамырдан бастап Әуезов көшесін­де (Республика даңғылынан Ә.Молдағұлова көшесіне дейін) және Желтоқсан көшесінде (Мәскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейін) біржақты қозғалыс енгізу жүзеге асырылды. Қазіргі кезде қиылыстарда келісілген фазалық реттеу кестесі бойынша бағ­даршам объектілерін жөнге келтіру жұмыстары жүргізіліп, жол белгілерін монтаждау аяқталды. Екінші кезекте 10 маусымнан бастап Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Пушкин көшесіне дейін), Кенесары көшесі (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін), Янушкевич көшесі (Абай даңғылынан Иманов көшесіне дейін) бойынша біржақты көлік қозғалысы енгізіледі. Қазіргі кезде бұл көшелерде жол белгілерін орнату және алып тастау жұмыстары қолға алынып, ақпараттық жол бел­гілерін орнатуға және жаяу жүр­­гіншілерге арналған орын­дар әзірленіп, қиылыстарда келі­сілген фазалық реттеу кестесін қалып­тастыру, жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Астана LRT» ЖШС-нің көлік жөніндегі директоры Рустам Халилевтің айтуынша, көшелерге біржақты қозғалыс тәртібінің енгізілуіне байланысты қоғамдық көліктің маршрут­тық желісі өзгер­тілмейді. Автобустар жеке жолақ­тармен жүретін болады. – Өткен жылы Bus Lane жоба­сы қолға алынып, көшелердің алты бөлігінде енгізілді. Ол өзінің тиімділігін көрсетті. Қо­ғам­дық көліктің жылжымалы құрамы­ның орташа жылдамды­ғы 12-ден 15 пайызға дейін арт­­ты. Жолау­шы­лар да оң көзқарас танытып отыр, сондықтан жобаны одан әрі жалғастыру туралы шешім қабыл­данды. Ол үш кезеңмен жүзеге асырылады, – деді Е.Сүлейменов. 5 маусымнан бастап Алаш тас­жолында («Магнум» сау­да үйінен Уәлиханов көшесіне де­йін), Қор­ғалжын тасжолында (Бейсекова көшесінен Тұран даң­ғы­лы­на дейін) автобус­тар үшін жаңа ар­найы жолақтар пай­да болды. 10 маусымда бір­жақ­ты көлік қозғалысы енгізіл­ген соң Абай даңғылы мен Кенесары көшесінде де Bus Lane жолақтары жасалады. Үшінші кезеңде 15 мау­сымнан бастап Жеңіс даңғы­лында (Есенберлин көшесі – Кене­сары көшесі), Бараев көшесінде (Қор­ғалжын тасжолы – Уәлиханов көшесі) тиісті жолақтар енгізіледі. Осы ретте ескертетін бір мә­се­ле, полиция басқар­ма­сы­ның же­ке құрамы жергілікті поли­­ция қыз­меті­мен бірлесіп, жүр­гізушілер ара­­сында біржақты қоз­ғалыс ен­гі­зіл­ген көшелермен жүру ере­же­лерін түсіндіру бойынша на­си­­­хат­тық жұмыстар жүргізді. Ен­ді тәртіп бұзушылар әкімшілік жауап­­­кер­ші­лік­ке тартылып, 5 АЕК мөл­­шерінде айыппұл салына бастады. «Егемен-ақпарат»