• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2016

Шэньси жәдігерлері шақырады

357 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы  Ұлттық музейінде «Ұлы Жібек жолымен: Шэньсидің мәдени мұралары» атты көрме салтанатты жағдайда ашылды.  Көрме Қы­тайдың Қазақ­стандағы ел­шілігі, Шэньси про­винция­­­­сы Мәдени ескерткіштер басқар­ма­сы, Шэньси провинциясы Та­рих музейі, Шэньси провинция­сы Мәдени ескерткіштерімен алмасу орталығының, сондай-ақ, Қа­зақстан Республикасы Мә­де­ниет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Қазақстандықтарды Ұлы Жі­­­бек жолының бастау алған же­рімен, сол сияқты ежелгі Қы­тай өркениетінің даму діңгегі бол­ған Шэньси провинциясы­­ның көне өркениетімен таныстыру мақсатын көздеген көрмеге Ұлт­­­тық музей директоры Дар­хан Мыңбай, Қытай Халық Рес­публикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй, Шэньси провинциясының Мәде­ни ескерткіштер басқармасының ди­ректоры Жао Ронг қатысты. Ұлттық музей директоры Дар­хан Мыңбай аталмыш көр­менің маңыздылығына тоқталды. – Бүгін Ұлттық музейде қытай­лық әріптесім Жао Ронг­пен 2017-2018 жылдары Ұлттық музейде «Император Цинь Шихуанди терракотты армиясы» және Шэньси провинциясында «Қазақстанның мәдени ескерткіштері» көрмесін өткізу үшін екіжақты келісімшарт жасадық, – деді музей басшысы. «Ұлы Жібек жолымен: Шэнь­сидің мәдени мұралары» көрмесі музей қонақтарына Шэнь­си про­вин­циясының бірегейлігі туралы білуге мүмкіндік берді, сондай-ақ, Қытай Халық Рес­пуб­ликасы және Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақ­ты тәжірибе алмасу мен мәдени мұра са­ла­сындағы ынтымақтастыққа ықпал жасады. Бұл туралы елші Чжан Ханьхуэй атап өтті: – Бүгінгі көрменің ашылуы­мен құттықтаймын! Қытай мен Қа­зақстан – ежелден Ұлы Жі­бек жолы бойында тамаша өр­ке­ниетте өмір сүрді. Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Н.Назарбаев «Нұрлы Жол» Стра­тегиясын іске қосқанын бі­ле­сіздер. Әрине, біз осы стра­те­гиялық жол­дауды қол­даймыз. Даму мен өрке­ниетке бет алу үшін ең бастысы келісім керек, – деді Ч.Хань­хуэй. Музей қонақтары Қытайдың кө­не провинциясы Шэньси­дің сирек кездесетін мәдени жә­ді­­­­герлерін, Ұлы Жібек жолы және оның жандануын, Шэньси про­винциясының ғылыми-тех­ни­ка­лық, экономикалық және саяси жетістіктері туралы 130-дан ас­там фотосуреттерді тамашалады. Көрме 30 маусымға дейін жұ­мыс істейді. «Егемен-ақпарат»
Соңғы жаңалықтар