• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2016

Жалғыз жолдама

265 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Үлкен шлем турнирі – «Ролан Гарростың» ширек финалына шығу арқылы өзінің Әйелдер теннис ассоциациясындағы жеке разряд рейтингісінде 35-орынға көтеріліп, Рио-де-Жанейро Олимпия ойындарына жолдама жеңіп алды. Осылайша, рейтингіде 60-орыннан 35-сатыға бірден жеткен Путинцева Қазақстан теннисші қыздары арасындағы ең үздігі қалпынша қалды. Соңғы жарыста Ярослава Шведова 5 саты төмен түсіп, 94-қатарға барды, Зарина Дияс 95-ші болып тұр. Кәмила Керімбаева төртінші жүздікке еніп, 396-шы болып жүрсе, Галина Воскобоева 451-ші орынмен бесінші жүздіктің шеңберінен көрінеді. Ал жеке разраядта көшті америкалық Серена Уильямс бастап келеді. Екінші орын испан қызы Гарбин Мугурузада болса, үшінші белес поляк Агнешка Равдьванскаға бұйырған. Ал Юлия Путинцева Қазақстаннан Риоға баратын 89-шы спортшы болып отыр. Руслан ИГІЛІК
Соңғы жаңалықтар