ПАВЛОДАР. 7 маусым. Павлодар облысындағы «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамы GPS жүйесін жаңартты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Көліктерге бейне – тіркегіштер, GPS-трекерлер мен жанармай деңгейін қадағалау құрылғылары орнатылуда. Жер серігі арқылы автокөліктің қозғалысын бақылауға арналған жүйе іске қосылды. Оның артықшылығы оператор онлайн режимінде қозғалыс бағытын, жылдамдық пен жанармай шығынын қадағалай алады.
Зауыттағы 26 автокөлікке ГЛОНАСС, GPS, GSM технологияларының базасындағы борттық контроллер мен жанармай деңгейін қадағалайтын құрылғылар орнатылды. Автокөлікті жер серігінен бақылау жүйесіне жаңа технологияларды орнату автокөліктерді босқа пайдаланудан, ұрлық жасау мүмкіндігінен сақтап, қызметкерлердің тәртібін жоғарылатуға және автопарктің жұмысын оңтайландыруға қажет. Көлік жымдамдығын қадағаудың арқасында жүргізушілерді тәртіпке салып, өндірісте қауіпсіздікті сақтауға ықпал етпек.
Алдағы бір ай бойы автокөлікті жер серігінен бақылау жүйесі тестілеу режимінде жұмыс істейді. Оған дейін аталған компаниядағы көлік цехының мамандары керекті параметрлерін тауып, бірыңғай көрсеткіш стандартын сәйкестендіреді. Кәсіпорын 20 көлікке заманауи жүйені орнатуды жоспарлап отыр.
Фарида Бықай.
Дерек, фото: egemen.kz.