• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2016

Атырауда 13 бас ірі қараны ұрлаған күдікті қамауға алынды

366 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 7 маусым. Атырау облысында ауылдастарының 13 бас ірі қара малын ұрлаған күдікті 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қызылқоға аудандық сотының тергеу судьясымен күдіктінің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен сараланып отыр. Өйткені, сотқа ұсынылған істің құжаттары мен іс материалдарында көрсетілгендей, күдікті Жамансор елді мекені тұсында өрісте жүрген 13 ірі қараны ұрлаған. Мұқыр ауылында тұратын тұрғындар иелігіндегі осынша малды жасырын жымқыру мақсатымен Мақат кентіне айдап әкеткен. Сөйтіп, өзінің ауылдастарына ірі көлемде шығын келтірген. Мал ұрлау дерегін жіті саралаған Қызылқоға аудандық сотының қаулысымен күдікті 2 айға мерзімге қамауға алынды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Фото: kostanaytany.kz.