АСТАНА. 7 маусым. Түркияның Ыстанбұл қаласында жарылыс болды. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 36 тұрғын зардап шекті. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Лаңкестік әрекеттен 7 полиция қызметкері, 4 бейбіт тұрғын қаза тапты. Сонымен қатар, 36 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Дәрігерлердің айтуынша, үшеуінің жағдайы тым ауыр. Аялдама жанындағы жарылғыш зат орнатылған көлік жарылды», – дейді қала басшысы Васип Шахин.
Айта кетейік, оқыс оқиға Ыстанбұл қаласының орталығындағы Беязыт ауданында орын алды. Жарылыс әскери қызметкерлер мінген көлік өтіп бара жатқан сәтте болған. Қазіргі таңда бұл жер қоршауға алынып, көлік қозғалысы тоқтатылды.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: РИА «Новости».