• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2016

Ақтөбеде қақтығысты ұйымдастырушылар белгілі болды

205 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 маусым. Қазақстанның құқық қорғау органы 5 маусым күні Ақтөбе қаласында қақтығыс ұйымдастырғандардың есімдерін жария етті. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті қазіргі таңда 8 адамға іздеу жариялады. Олардың арасында 27 жастағы Ақтөбе тұрғыны Дмитрий Таңатаров, 25 жастағы Арсен Таңатаров, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы Михайловка елді мекенінің 30 жастағы тұрғыны Айдос Жұбанов бар. Полиция сонымен қатар, Қызылорда облысы Сырдария ауданының 32 жастағы тұрғыны Бақыт Қуанышбаевқа, Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғыны 30 жастағы Нұрлан Сейіловке, Ақтөбе облысының тұрғындары Әлібек Ақпанбетовке, Айдар Башимовке және Арман Айтуғанға іздеу салды. Айта кетейік, қаруланған белгісіз топ өткен жексенбі күні Ақтөбедегі қару-жарақ сататын екі дүкен мен Ақтөбенің әскери бөліміне шабуыл жасады. Салдарынан алты адам қаза тауып, 38 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қалада осыған байланысты антитеррористік операция режімі жарияланды. Нәтижесінде 13 экстремистің көзі жойылды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».