• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2011

Жастарға үлгі-өнеге

1005 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының атына Алматы облысының Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылының тұрғыны Айна Қасабаевадан хат келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. «Құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, Сізді сара саясаткер ретінде жоғары бағалаймыз. Қазақ­станның жарқын болашағы үшін жан аямай тер төгіп келесіз. Сіздің «елім» деп еміренген дара жолыңыз біздерге мақ­таныш. Жастарға үлгі-өнеге. Бо­лашақ ұрпақтың аңыз-дас­таны және тарихи шежіресі болмақ», деп жазады хат иесі. Одан әрі ол Елбасының елі­міздің дамуы үшін белсенді атқарып келе жатқан игілікті істеріне кеңінен тоқталып өтеді. Хат авторы «Өзіңіз бас­қар­ған осы жылдар ішінде көптеген жетістіктерге қол жет­кіздік. Құқықтық қоғам құру жолында, жарқын бола­шаққа нық сеніммен аяқ бас­тық. Барша әлемге Қазақ­станды танытып, ұлтымыздың ұлылығын асқақтатып, ұлттар мен ұлыстарды бірлікке ша­қыр­дыңыз. Сондай-ақ, оларға бей­бітшіліктің тал бесігін тер­беу­дің қаншалықты баянды екенін ұғындырып, бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрулеріне ық­пал еттіңіз», деп одан әрі ізгі тілегін жыр жолдарымен жеткізеді.