• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2011

ШЫҰ саммиті Астанада өтеді

464 рет
көрсетілді

2011 жылғы 25-28 қаңтарда Қазақстан Республикасының төрағалығымен Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің (ШЫҰ ҰҮК) кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Ұйымға мүше мемлекеттер (Қазақстан, Қы­тай, Қырғызстан, Ресей, Тә­жік­стан және Өзбекстан) Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың ШЫҰ құрылуының он жыл­дығына ар­нал­ған мерей­тойлық саммитті 2011 жылғы 15 мау­сымда Астанада өткізу туралы ұсынысын бір­ауыздан қолдады. Осылайша, Астана саммиті «Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы­­ның құрылған күні» өткізі­ле­тін болды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.