• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2016

Ұландарды ұмытпайды

295 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында жасалған террорлық актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ел бойынша 9 маусымды ұлттық аза тұту күні ретінде жариялады, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі. Қанішер қаскөйлердің Ақтөбе қаласында жасаған шабуылы кезінде оларға ерлікпен тойтарыс беру кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау қызметінің әскери қызметшісі майор Даниал Майлыбаев, Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің келісімшарт қызметінің сержанты Берікжан Қалиев және мерзімді әскери қызметтегі қатардағы жауынгер Досбол Сапар қазаға ұшырады. Осыған орай кеше Ұлттық ұлан Бас қолбас­шы­лығында боздақтарды аза тұту шарасы өтті. Қара­лы жиынға Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеке құрамы, ІІМ және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңе­сінің төрағасы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсам­беков, әскердің ардагерлер қауымы және Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің қызметкерлері қатысты. Жиналған қауым қаруластарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы атынан сөз алған Ұлттық ұлан бас қол­бас­шысының орынбасары генерал-майор Альберт Маткаримов: «Мен анттарына адал болып, Отан үшін, ел үшін ажал құшқан бауырларымыздың отбасы, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Біздің, Ұлттық ұланның тарапынан алдағы уақыттары қара жамылған отбасыларға қажетті көмектің барлығы да көрсетіліп, ұдайы қамқорлыққа алынатын болады», – деді.
Соңғы жаңалықтар