5 маусымда Қазақстандағы Ақтөбе қаласындағы қатыгез шабуылдар бірнеше адамның өлімі мен жаралануына себепкер болды. Еуропалық одақ қаза тапқандардың отбасыларына шын көңілден шыққан көңіл ай-
туын білдіреді және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілейді.
Еуропалық одақ Қазақстанмен және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерімен қауіпсіздікке төнетін қатерлерге қарсы және зорлық экстремизмнің таралуының алдын алу бойынша бірлескен жұмысын жалғастырады. ЕО радикализм мен экстремизмді оның барлық пішіндерінде айыптайды және азаматтардың барлық іргелі құқықтарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен контртеррорлық операциялар жүргізу кезінде кепілдік берілуі тиістігін қуаттайды.
«Егемен-ақпарат»