• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының қаулысы № 144

440 рет
көрсетілді

2010 жылғы 3 қыркүйек, Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларымен және кәсіби қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерімен құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2001 жылғы 14 маусымдағы № 224 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларымен және кәсіби қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерімен құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2001 жылғы 14 маусымдағы № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1592 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларымен және кәсіби қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерімен құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықтың 2-қосымшасында: реттік нөмірі 83-жол мынадай редакцияда жазылсын: «83. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын  5 жыл              *Сақтандыру (қайта сақтандыру) және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау                             шарттарының тізіліміндегі соңғы агенттігі Басқармасының «Сақтандыру                                           сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге                                         қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы №25 қаулысына сәйкес жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген)». 2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi. Төрайым Е.БАХМУТОВА. –––––––––––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6664 болып енгізілді.