• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2016

Мұхаммед Әлимен қоштасу (фото)

553 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Кентукки штатындағы Луисвилл қаласында даңқты боксшы Мұхаммед Әлимен қоштасу рәсімі өтті. Ол 1965 жылдан Ислам дінін ұстанғандықтан жиын шариғат жолымен өтті. Мәйітпен қоштасу сәті. Қоштасу жиынына бірқатар танымал тұлғалар қатысты. Түркия президенті Режеп Таийп Ердоған, боксшы Шугар Рэй Леонард келді. Madison Square Garden аренасы. Бұл жерде Мұхаммед Әлидің 8 жекпе-жегі, олардың арасында 1971 жылы 8 наурызда Джо Фрейзерге қарсы кездесуі өткен. Madison Square Garden аренасы орналасқан West 33-көшесі уақытша Мұхаммед Әлидің атына ауыстырылды. Қаралы жиынға жиналған топ боксшының рухына арнап Құран сүрелерін оқып, дұға жасауда. Мұхаммед Әлидің Кентукки штаты Луисвилл қаласындағы үйі. Еңбегі еліне сіңген ардақты тұлға ешкімнің жадынан өшпек емес. Ол көпшіліктің жүрегінде мәңгі қалары сөзсіз. Боксшының құрметіне арналған гүл шоқтары. Аян ӘБДУӘЛИ. Фото: abc.net.au, dawn.com, thepeninsulaqatar.com, nairaland.com, skysports.com, rediff.com, thedailycroton.com, abc.net.au, inewstoday.net, telegraph.co.uk.
Соңғы жаңалықтар