Арнайы операция кеше, 9-нан 10-на қараған маусым күні «Пантера» дүкенінің маңында болды. Құқық қорғаушылар Ы.Алтынсарин көшесін Жанқожа батырға дейінгі аралықты қоршауға алды. Куәгерлердің айтуынша, мылтық дауысы түнгі сағат 02:00 шамасында естілген. Ал ресми емес мәліметтер сүйенсек, әскерилер арнайы операцияны қару-жарақ сататын «Патера» және «Отырар» дүкендерінің маңында жүргізген. Мұндағы көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, жеке үйлердің адамдарына сыртқа шықпау тапсырылды.
Әзірге шабуыл жасаған лаңкестердің нақты саны анықталған жоқ. Арнайы операция таңға дейін жалғасқан. Тұрғындар мылтық дауысын азаңғы сағат 08:00 шамасында естіген.
«Қазір лаңкестерді құрықтау шаралары жалғасуда. Олар қарсылық танытуда. Оқиғаға байланысты қосымша ақпараттарды тағы да жариялайтын боламыз», – дейді ҰҚК ресми сайтында.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: diapazon.kz.