• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2016

Еуро-2016 құрамалары бапкерлері қанша айлық алады?

295 рет
көрсетілді

Францияда әл-әзірде ғана басталған футболдан Еуропа чемпионатына қатысып жатқан барлық ұлттық құрама командалар жаттықтырушыларының ақшалай табыстары жөнінде деректер шықты. Egemen.kz тілшісі бұлардың арасында жылына 5 млн. еуро көлемінде ақы алатын Англия терме жамағатының бас жаттықтырушысы Рой Ходжсонның топ басында тұрғанына көз жеткізді. Екінші орында 4,6 млн. еуро мөлшерінде жылдық жалақы алатын Италия құрамасының бас бапкері Антонио Конте тұр. Ал үздік үштікті Түркия бас командасының ұстазы Фатих Терим жылына 3,5 млн. еуро шамалас айлық алатынымен тиянақтайды. Сонымен, барлық 24 құрама жаттықтырушыларының бұл жөніндегі тізімі мен реттік жайлары мынадай: Рой Ходжсон (Англия) – 5 млн. еуро Антонио Конте (Италия) – 4,6 млн. еуро Фатих Терим (Түркия) – 3,5 млн. еуро Йоахим Лев (Германия) – 3,2 млн. еуро Висенте Дель Боске (Испания) – 3 млн. еуро Дидье Дешам (Франция) – 2 млн. еуро Марсель Коллер (Австрия) – 1,5 млн. еуро Фернандо Сантуш (Португалия) – 1,2 млн. евро Мартин О'Нилл (Ирландия) – 1 млн. еуро 10.Бернд Шторк (Венгрия) – 1 млн. еуро Владимир Петкович (Швейцария) – 750 мың еуро Марк Вильмотс (Бельгия) – 750 мың еуро Ларс Лагербек (Исландия) – 430 мың еуро Майкл О'Нил (Солтүстік Ирландия) – 320 мың еуро Джанни Де Бьязи (Албания) – 280 мың еуро Крис Коулмэн (Уэльс) – 260 мың еуро Анте Чачич (Хорватия) – 250 мың еуро Павел Врба (Чехия) – 220 мың еуро Адам Навалка (Польша) – 200 мың еуро Эрик Хамрен (Швеция) – 200 мың еуро Ян Козак (Словакия) – 180 мың еуро Михаил Фоменко (Украина) – 170 мың еуро Ангел Йордэнеску (Румыния) – 120 мың еуро Леонид Слуцкий (Ресей) – нәтижеге қарай берілетін бонус арқылы алады. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: Goal.com.  
Соңғы жаңалықтар