• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №322

274 рет
көрсетілді

2016 жылғы 31 мамыр , Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің  күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы №322 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Мемлекеттік театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы №1211 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-Ы, 2011 ж., №58, 823-құжат). 2. «Мемлекеттік театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы №1211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №77 1005-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №585 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №40, 300-құжат). 4. «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №27 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., №3-4, 17-құжат).