• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2016

Норвегиялық серіктестермен тәжірибе алмасты

294 рет
көрсетілді

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева бастаған делегация Норвегия Корольдігінде сапармен жүр, деп хабарлады Қазақстан Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі. Делегация құрамында Парла­мент Мәжілісінің депутаттары Светлана Бычкова, Наталья Жұма­ділдаева, орталық және жергілікті атқарушы, құқық қорғау және сот органдарының, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдері бар. Сапар мақсаты – Қазақстан Республикасында балаларға қатысты заң жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту, бала құқықтарын қорғау және мониторинг жүргізу саласында, мемлекеттік органдардың Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара қарым-қатынасы, қылмыс құрбандары мен куәгерлері бол­ған балаларды қорғаудың меха­низм­дері бойынша тәжірибе алмасу. Сапардың бірінші күнінде Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Қайрат Әбусейітовпен және Норвегиядағы Бала құқық­тары жөніндегі уәкіл Анне Линдбоуе­мен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы Сыртқы істер, Балалар, теңдік және интеграция, Денсаулық және әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Әділет министр­ліктеріне, ЮНИСЕФ-тің үйлес­тіру орталығына, Орталық Азия бюросына, Бала құқықтары жөнін­дегі үйлестіру орталығына, Пар­ламентке, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институтқа, Полиция жанындағы балалар үйіне, прокуратураға, Норвегияның сот басқармасына, Осло және Акерсхуса университеттік кол­леджіне барды. Сапар БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен ұйым­дастырылды.