• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2016

Елшімен салиқалы әңгіме

370 рет
көрсетілді

Еліміз Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковті қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Тараптар екі мемлекет прези­денттерінің салиқалы саясатының арқасында қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан мен Ресей ара­сындағы стратегиялық әріптес­тік жайына айрықша назар аударды. Мәжіліс Төрағасы мейман­ды жыл сайын 12 мау­сымда аталып өтетін Ресей күні ме­рекесімен құттықтай келіп, Ре­сей Федерациясы әр кезде Қазақ­станның маңызды әріптесі әрі одақ­тасы және сенімді досы болып қала беретінін жеткізді. Өз кезегінде елші кешегі ұлт­тық аза тұту күніне байланысты көңіл айту білдірді. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Ақ­төбеде орын алған аяусыз, қас­көй лаңкестік әрекетті айыптай келіп: «Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін ащы сабақ болды. Қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық біздің көп ұлтты Қазақстанымыздың бас­ты құндылықтары болып табылады. Елбасымыз, Үкімет, Пар­ламент, басқа да құзырлы органдар алдағы уақытта мұндай жағдайдың алдын алу үшін тиісті шараларды қолға алатыны сөзсіз», – деді. Одан әрі тараптар екі мемлекет арасындағы халықаралық қауіпсіздік, мәдени-гуманитарлық байланыс мәселелерін талқылады. Кездесу иелері әлемдік эконо­мика­лық дағдарыс екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қаты­настың дамуына өз салқынын тигіз­генін, алайда, өткен жылдың қаң­тар айынан іске кіріскен ЕАЭО біз­дің елдеріміздің ұлттық экономи­ка­сын тұрақтандыруда айрықша рөл ат­қарып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан-Ресей әріптестігінің барлық салада жан-жақты, табыс­ты дамып келе жатқанын алға тартқан М. Бочарников 2017 жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толатынын еске салды. Б.Ізмұхамбетов пен М.Бочар- ­ников парламентаралық ын­тымақтастықты нығайтудың маңыз­дылығына да назар аударды. Қа­зіргі уақытта Парламент Мәжі­лісі мен Мемлекеттік Дума ара­сында өзара іс-қимыл орнатыл­ған. Палаталар арасында ынты­мақтастық туралы келісім бар. Де­путаттар ТМД Парламентаралық Ас­сам­блеясы, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ Пар­ла­мент­тік Ассамблеясы аясында жемісті еңбек етуде. Мәжіліс Спикері атап өткен­дей, Ресей Федерациясы Феде­рал­дық Жиналысы Федерация Кеңесі­нің Төрайымы Валентина Мат­виенконың жуырдағы Қазақстанға сапары парламентаралық ынты­мақ­тастықты дамытуға өзіндік серпін берген.