Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі Сун Таомен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Екі ел қатынастарын дамытуға арналған ҚПК делегациясы сапарының зор маңызын атап өте келіп, жоғарғы палатаның басшысы жүздесушіні Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және еліміздің саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі туралы хабардар етті.
Тараптар екі мемлекет басшыларының күш-жігері арқасында қол жеткен өзара сенім мен ынтымақтастықтың қалыптасқан жоғары деңгейіне қатысты ортақ пікір білдірді. Өзара саяси қолдау көрсету, іскерлік әріптестікті, екі жақтың ұлттық мүдделеріне сәйкес жастар арасындағы және мәдени алмасуларды ілгерілету жөніндегі күш-жігерді өрістетуге әзірлігі атап өтілді.
Қ.Тоқаев депутаттардың делегациялары арқылы парламентаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ, парламенттер комитеттерінің төрағалары деңгейіндегі байланыстарды өрістетудің маңыздылығын атап өтті.
Әңгіме соңында Сенат Төрағасы Ақтөбедегі террорлық актінің құрбандарына көңіл айту мен терроризммен күрестегі Қазақстанның күш-жігерін қолдау сөздеріне орай Қытай делегациясының басшысына алғыс білдірді.