• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2016

11,4 млрд. теңге

227 рет
көрсетілді

Дерек пен дәйек Атырауда заңдастырылған мүлік бағасы осынша соманы құрады Ұйқының тыныш, көңілдің жайлы болуын қалайсыз ба? Бұған мемлекет мүмкіндік беріп отыр. Тапқан табысыңды, кең сарайдай баспанаңның барын жасырмай, жаппай заңдастыру шарасының түпкі мақсаты – осы. Мұны мұнайлы өңірді мекен еткен тұрғындар жете түсіне бастағанына төмендегі деректер куә бола алады. Мүлікті жария ету шарасы басталғалы бері тұрғындардан қолдағысын заңдастыру мақсатындағы 1343 өтініш түсіпті. Дәл кешегі күнге дейін осы өтініштерді егжей-тегжейлі пысықтаған арнайы комиссияның шешімімен 11,4 миллиард теңгенің мүлігі жария етіліп отыр. Тұрғындар тарапынан қолдағы дүниесінен бөлек, маңдай терімен тапқан қар­жы­сын да заңдастыруға талпыныс байқалады. Атырау облыс­тық мемлекеттік кірістер депар­таментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, мұнайлы өңір жұртшылығы 7,9 миллиард теңге қаржысын заңдастырып алыпты. Әрине, қазір кәсібінен нәсіп тап­қан­дардың шетелдердің кез келгенінен баспана алуына еш тосқауыл жоқ. Осы тұрғыдан алған­да, атыраулықтар шетел­дегі мүлікке қатысты 18 өтініш берген екен. Бұлар да комиссия мүшелерінің отырысында қаралып, нәтижесінде жалпы құны 207,4 миллион теңгеге бағаланған шетелдердегі мүліктерді жария етуге шешім қабылданыпты. Демек, алдағы уақытта мү­лікті жария етуге құлшыныс та, оны заңдастыруға байланыс­ты оң шешім де молая түсетін секілді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ