• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2016

Футбол. «Америка кубогы». Аргентина мен Чили жеңіске жетті

342 рет
көрсетілді

АҚШ-та өтіп жатқан Америка кубогы турнирінде D группасының командалары кездесті. Аргентина құрамасы Панама командасына бес гол соғып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Чили мен Боливия арасындағы ойын 2:1 есебімен аяқталды. Аргентина – Панама 5:0 Голдар: Николас Отаменди 7, Лионель Месси 68, 78, 87, Кун Агуэро 90 Аргентина құрамасы бұл ойында кезекті үш ұпайын иеленіп, D тобында бірінші болып келеді. Кездесу барысында «Манчестер Сити» клубының қорғаушысы Николас Отаменди 7-минутта гол соғып, есеп басын ашты. Ал екінші таймда алаңға шыққан команда капитаны, бес дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси небәрі 20 минуттың ішінде бірінен кейін бірін соғып, үш доптың иесі атанды. Матч аяқталар тұста шабуыл шебінде өнер көрсететін Кун Агуэро бір голымен көзге түсе білді. Панама өз кезегінде бірнеше рет шабуылдағанымен «альбиселесте» ойыншыларына дарытып ешнәрсе істей алмады. Чили – Боливия 2:1 Голдар: Артуро Видаль 46, 90+10 (пенальти) – Матиас Кампос 61 Бұл матчта «Бавария» футбол клубының ойыншысы Артуро Видальдың соққан екі голының арқасында Чили жеңіске жетті. Ол 46 минутта қақпаны дәл көздесе, кездесу аяқталар тұста пенальтидің арқасында жеңісті жұлып алды. Ал Боливия командасы 61 минутта Матиас Кампос соққан доппен таразы басын теңестіре білді. Алайда, бұл гол тең есепті ұстап тұру үшін жеткіліксіз болды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: vk.com.