• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2016

Марсельде Ресей және Англия фанаттары төбелесті

220 рет
көрсетілді

Бүгін түнде француздың Марсель қаласында футболдан Еуропа чемпионатының В тобына түскен Ресей және Англия құрамалары кездесетіні белгілі. Қалаға кешелі бері келіп, жиналып жатқан екі команданың фанаттары түнде өзара бетпе-бет кездесіп қалды. Оның соңы төбелеске ұласты. Оны Ескі портта француз офицерлеріне бөтелкелер лақтырған Британия жанкүйерлері бастады. Daily Mail газеті орыс фандарының бұл қалаға ағылшындармен шайқасу үшін арнайы келгендерін жазады. Сондықтан әлгіндегі әрекет олар үшін ұрысқа бастайтын дабыл болған. Бірақ төбелес тым ұзаққа барған жоқ, олардың арасына полиция келіп түсті. Тәртіп сақшылары бұзақыларды тыныштандыру үшін кеспелтек пайдаланып, көзден жас ағызатын газды қолданды. Сонымен бірге, қала басшылығы тыныштықты сақтау мақсатында Ескі порт ауданындағы барлық барлар мен ресторандарды уақытша жаптырып тастады. Мұрат Айтқожа. Дерек: Video Player.

Соңғы жаңалықтар