• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2016

Депутаттар мен шенеуніктер жиналыста қалай ұйықтайды? (фото)

417 рет
көрсетілді

Қырғызстанның «Ынтымак» телерадиокомпаниясы 9 маусым күні жариялаған видео әлеуметтік желідегі басты тақырыптардың біріне айналып кетті. Бұған онда Ош қаласындағы шенеуніктер мен кенеш депутаттарының жиындарда қалай ұйықтап отыратындары немесе немен айналысатындары көрсетілгені себеп болды. Роликте журналистер қала билігінің басында отырған шенділер мен шекпенділердің халық сеніп тапсырған жұмыстарына қаншалықты жауаптылықпен қарайтындарын байқатқылары келген. Ал сол күнгі отырыста Ош қаласы дамуының стратегиялық жоспары мәселесі қаралыпты. «Ынтымак» Ош қаласының мэрі Айтмамат Кадырбаевтың отырысқа келмегенін, ал қалалық кенеш спикері мен вице-мэрдің жиын басталар алдында кетіп қалғанын атап көрсетеді. Ролик жұрттың қатты наразылығын туғызды. Әлеуметтік желілер теңселіп кетті. Ал «Фейсбукті» пайдаланушы Максатбек Амангелдиев осындай шенеуніктерді жауапты орындарға сайлап отырған жұрттың өзі кінәлі екенін жазыпты. «Мына шенеуніктер бізді 500-1000 соммен алдап кетті. Егер олай болмаған болса, мына жерде біздің болашағымызды ойлайтын адамдар отырған болар еді», - деп жазады ол. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: Kloop.kg.