Осы бір ғажайып кадрлар Англиядағы Девон паркінде дүниеге келген жолбарыстың үш күшігін әспеттеп әдемі көрсетеді. Бұл аталмыш зоопаркте Суматра жолбарысының 2009 жылдан бері бірінші ұрпақ әкелуі екен.
Бейнежазбадан ұрғашы жолбарыстың қаншалықты балажан екенін көрініп тұр.
Ана-жолбарыс пен оның күшіктері алдағы екі айдың ішінде арнайы қамауда тұрады. Содан кейін ғана келушілер вольердегі аналы-балалы төртеуді тамашалай алады.
Зоопарк өкілі алдағы бірнеше аптаның ішінде оларды қатаң бақылауға алу қолға алынбайтынын айтты. Себебі, аңдарға осы кезде тек тыныштық керек.
Мұрат Айтқожа.
Дерек, фото: NewsZone.
https://youtu.be/J8HiGt8ZrT8