Қызылорда облысында жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Қазалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерін пара алып жатқан кезінде қолға түсірді.
Ведомство баспасөз қызметі бас дәрігер Нұрлан Кәрібаевтың пара алу кезінде ұсталғанын мәлімдейді.
«Бас дәрігер Н. Кәрібаевтың жұмысқа жүргізуші етіп қабылдағаны үшін жеке тұлғадан 500 000 теңге пара алғаны анықталды», – делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір бас дәрігер аудандық ішкі істер бөлімі уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: NewTimes.kz.