Әзербайжан адамдардың соқыр болып қалу жағдайларымен күресудің жаңа тәсілі өмірге келді. Республика милли меджлисі денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Иса Гулиев осыны жеткізді.
Оның айтуынша, бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі көз ауруларының алдын алу мақсатында көз қарашағын алмастырып салу болып отыр. Бұл үшін өлген адамның көзін пайдалану ұсынылады.
«Әзербайжанда қазіргі таңда операцияның уақытында жасалмауынан мыңдаған адам көру қабілеттерінен айрылып қалып жатқан шығар. Біздің көз аурулары институтында оның түзетудің барлық жағдайлары жасалған, жақсы кадрлар да жеткілікті. Міне, олар өлкен адам көзінің қарашығын ауру кісіге алмастырып салып бере алады», - деді ол.
Иса Гулиев ондай практиканың көршілес Иран мемлекетінде бар екенін ауызға алды. Онда көз қарашығының арнайы банкі жасалған.
«Банк көз қарашықтарын шетелдерге де сатады. Және бағалары оншалықты қымбат та емес. Осыған байланысты біздің заңнама мен кеден тәртібіне аздаған өзгеріс енгізу керек, сол кезде Әзербайжанға сол жақтан көз қарашықтарын еш кедергісіз алып келе аламыз. Осылайша мыңдаған адамды су қараңғы соқыр болып қалудан сақтар едік. Бұл – өзекті мәселе, сондықтан мен оны күн тәртібіне енгізуді сұраймын», - деді депутат.
Талғат Райымбек.
Дерек: oxu.az.
Фото: bnews.kz.