• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2016

Түркияда екі жасар балаға терроризм айыбы таңылды

307 рет
көрсетілді

Түркияның Диярбакыр қаласының прокуратурасы жастары кәмелетке толмаған 8 балаға террористік әрекеттерге қатыстары бар деген айып тақты. Demokrathaber басылымының хабарлауынша, осыған қатысты жанжалды құжат бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланған. Ал айып тағылып отырған 8 баланың жастары 2 мен 12-нің аралығында екен. Айып тағылған балалар үйлерінен әкетіліп, арнайы балалар үйлеріне тапсырылған. Алайда, ата-аналарының қайта-қайта шағым жасауларынан кейін олар отбасыларына қайтарылған. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Demokrathaber.
Соңғы жаңалықтар