• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Маусым, 2016

Елбасы АҚШ Президентіне көңіл айтты

198 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамаға көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Орландо қаласындағы террористік акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Жеделхатта: «Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды», – деп айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Барак Обамаға, Америка халқына, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.kz.