• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Маусым, 2016

Иорданияда ежелгі ескерткіш табылды

283 рет
көрсетілді

Иорданиядағы ежелгі Петра қаласынан ғалымдар ұзындығы олимпиадалық бассейнмен бірдей болатын ескерткіш тапты. Олардың бұл еңбегі Bulletin of the American of Oriental Research журналында жарияланды. Петра – біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда салынған қала. Сол заманда осы жерден Арабия түбегінің оңтүстігі мен Жерорта теңізі елдерін байланыстыратын сауда жолы өтетін. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілген. Табылған ескерткіштің ұзындығы – 56 метрге жуық, ал ені – 49 метр. Оның үстінде көлемі 8,5 метр болатын ұсақ платформа орналасқан. Ғалымдардың айтуынша, сол тұста ол ғимарат болған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: nplus1.ru.