• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2016

Араб Әмірліктері Оңтүстік Қазақстаннан қой сатып алып жатыр

453 рет
көрсетілді

Араб Әмірліктері Оңтүстік Қазақстан облысынан қой сатып ала бастады. Шымкент кәсіпорындары жылдың соңына дейін бұл елге 60 мың бас қой жөнелтетін болып отыр. Жексенбі күні Шымкент халықаралық аэропортынан қойлардың алғашқы партиясы Фуджейраға жіберілді. «Осы аптада мың қойдан артық көлемді құрайтын кем дегенде тағы бір партия жөнелтіледі. Біз 2016 жылдың жазы аяқталғанна Әмірлікке 60 мың бас қой жіберуіміз керек», - деді «Қайып ата» ЖШС директоры Сырым Ертаев. Оның айтуынша, бұлелмен ұзақ мерзімге созылатын тығыз ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптастыру ниеті бар. Сол мақсатта компания өкілдері жақында Дубайға барып қайтады. Соның ішінде сиыр етін жеткізіп беру жөнінде де келісім жасалады. Компания бұдан басқа, Сауд Арабиясы, Иран, Ирак және Өзбекстан елдерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Тұтастай алғанда, жыл соңына дейін мұнда экспортқа 1,5 мың тонна ет шығару жоспарланған. Кәсіпорын экспорттық әлеуетін арттыра түсу үшін құны 500 млн. теңге тұратын ет комбинатының құрылысын заемдық қаржының есебінен салып жатыр. Оның құрылысы аяқталуға жақын. Ол іске қосылғаннан кейін күн сайын 300 бас ірі қараға дейін сойылып тұратын болады. «Кәсіпорын еуростандарттың барлық талаптарына жауап беретін болады, ол әлемнің кез келген еліне ет өнімдерін шығарып тұра алады», - деп сендірді ЖШС бастығы. Бұдан басқа, «Қайып ата» ЖШС мен Малайзияның «Marditech» корпорациясы арасында жасалған меморандумда Оңтүстік Қазақстан жерінде халал хаб ашу идеясы көтерілген. Тнвестицияның жобасы 10 млн. доллар тұрады, ал қуаттылығы 10 мың ірі қара сою болмақ. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: Atameken Business Channel.
Соңғы жаңалықтар