• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2016

Футбол. «Еуро-2016». Италия Бельгияны жеңді (видео)

242 рет
көрсетілді

Футболдан Еуропа чемпионатындағы кезекті матчы өтті. Е тобында өнер көрсететін Бельгия мен Италия Лион қаласындағы «Стад де Льюмер» стадионында кездесті. Бельгия – Италия 0:2 Бельгия: Тибо Куртуа, Лоран Симан (Янник Феррейра-Карраско 75), Тоби Алдервейрелд, Томас Вермален, Ян Вертонген, Раджа Найнгголан (Дрис Мертенс 62), Аксель Витсель, Маруан Феллайни, Кевин де Брёйне, Эден Азар, Ромелу Лукаку Италия: Джанлуиджи Буффон, Андреа Бардзальи, Леонардо Бонуччи, Джорджо Кьеллини, Марко Пароло, Эмануэле Джаккерини, Антонио Кандрева, Даниэле Де Росси (Тьяго Мотта 78), Маттео Дармиан (Маттиа Де Шильо), Грациано Пелле, Эдер Эдер (Чиро Иммобиле 75) Голдар: Эмануэла Джаккерини 32, Грациано Пелле 90+3 Жеңіске Италия ғана емес, Бельгия да лайықты болатын. Бірақ қаншалықты қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, тәжірибелі Джанлуиджи Буффонның қақпасына гол соға алмады. Еуропада енді бой көтеріп келе жатқан команда дүбірлі доданы жеңілістен  бастады. Ал итальяндар өз кезегінде бәрін жоспар бойынша жүзеге асырды. Сауатты қорғана біліп, шабуылға дер кезінде шығып жүрді. Жүйелі ойын көрсетіп, үш ұпайды иеленді. Аян Әбдуәли. Фото, видео: vk.com.
Соңғы жаңалықтар