Парламент Сенатының бюросы палатаның 16 маусымда болатын отырысының күн тәртібін келісті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Сенаторлар «2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептерін талқылайды, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.