• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2016

Жапонияда аптап ыстықтан 880 адам ауруханаға түсті

377 рет
көрсетілді

Жапонияда соңғы бір аптаның ішінде аптап ыстықтан 880 адам ауруханаға түсті. Мәліметтер бойынша олардың жартысына жуығы 65 жастан жоғары адамдар. Ал осы жылдың 25 сәуірінен бүгінге дейін 4 мыңнан астам ел тұрғыны зардап шегіп, 1 адам қайтыс болды. Жапонияның орталығында ыстық ауа райы бірнеше апта бұрын тіркелген. Қазіргі таңда термометр күндіз 30 градус Цельсийден жоғарыны көрсетіп тұр. Маусым айының басында оңтүстік және орталық аймақтарда жаңбырлы маусым басталған. Осының салдарынан аптап ыстықпен қатар ауа дымқылдығы да артты. Метеоролог мамандарының болжамы бойынша, бұл жаз өте ыстық болады. Ал дәрігерлер ел тұрғындарына күн астында көп жүрмеуге кеңес берді. Айта кетейік, өткен жылы Күншығыс елінде ауа райының қолайсыздығынан 100-ден астам адам қайтыс болып, 53 мыңға жуығы ауруханаға жатқызылған. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: meteovesti.ru.