• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2011

Әлем чемпионаты бізде өтеді

328 рет
көрсетілді

Кеше Қысқы Азия ойын­да­рын­да допты хоккейден жарыс басталды. Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында Қырғызстан және Моңғолия командалары кездесті. Бірақ осынау спорт түрі жан­күйерлерін сол кездесу алдын­дағы бір шара айрықша қуантты. Онда допты хоккейден келесі жылғы әлем чемпионаты біздің елімізде, тіпті нақтырақ айтсақ, осы «Медеу» мұз айдынында өтетіні жарияланды. Бұл рәсімге Алматы қаласы­ның әкімі Ахметжан Есімов пен Халықаралық допты хоккей (бенди) федерациясының президенті Борис Скрынник қатысып, ресми түрде 2012 жылғы әлем чем­пионатының туын ендігі сол жа­рыстың иелеріне тапсырды. Құт­тықтау сөзінде қала әкімі Есімов мырза сол үлкен жарыс бүгінгі күндері жұртшылықтың көңілі­нен шығып отырған Азия ойын­дарындағыдай жоғары дең­гейде өтетініне сенім білдірді. Енді Азиада ауқымындағы доп­ты хоккей жарысына келсек, ал­ғаш­қы кездесуде моңғол хоккейшілері өздерінің қырғыз әріп­тес­терін үлкен есеппен ойсырата жеңді. 17:2 есебі әсте де командалар күшінің ара салмағын білдірмейді. Есеп бұдан да ірі болатын-ақ еді, бірақ алғашқы кезеңде есепті 13:1-ге жеткізген соң, моңғол хоккейшілері екінші ке­зеңді жаттығу дең­гейінде өткізді. Содан да ойынның қызығы бо­лың­қырамады. Халықаралық ұлттық хоккей фе­дерациясына Азиядан төрт-ақ ел мү­ше. Биылғы Азиадаға Үн­дістан ко­мандасы келе алма­ған­дықтан, жүл­де­лі орынды Қазақ­стан, Моңғолия жә­не Қырғызстан командалары бө­лі­седі. Бүгін біз­дің допты хоккейшілеріміз Қыр­ғызстан жігіттерімен кездеседі. Мамадияр ЖАҚЫП.