• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2016

Еуро-2016. Бельгия – Италия (фото)

197 рет
көрсетілді

Футболдан Еуропа чемпионатының Е тобында өнер көрсететін Бельгия мен Италия құрама командалары Лион қаласындағы «Стад де Льюмер» стадионында кездесті. Италия командасы қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Матч аса тартысты өткендіктен, қызықты сәттері де көп болды. Біз сол сәттердің кейбір көріністерін назарларыңызға ұсынамыз. Жанкүйер – команданың 12 ойыншысы. Олардың қызу қолдауы футболшыларға күш беріп, жеңіске жетелей түседі. Эмануэле Джаккерини мен Грациано Пелленің өз голдарын соққан сәттері. Бельгияның бірнеше мәрте гол соғатын мүмкіндіктері болған еді. Алайда, әлемнің бірнеше дүркін үздік қақпашысы болған Джанлуиджи Буффоннан айлаларын асыра алмады. Осыдан екі жыл бұрын «Челси» сапында ағылшын премьер-лигасының үздік ойыншысы болған Эден Азар өткен маусымды сәтсіз аяқтады. Сәтсіз маусымын ұлттық құрама ойындарында жақсы өнер көрсетіп, жуып-шайғысы келген. Алайда, дүбірлі доданың да бірінші ойыны Азар үшін ойдағыдай өтпеді. «Жақсы қақпашы – жарты команда». Тибо Куртуа болмаса, кешегі ойында Бельгия құрамасына тағы бірнеше гол соғылар ма еді?! Бейне бір финалда жеңіске жеткендей қуанып жатыр деген ойда қаларсыз. Бірақ Еуропа чемпионатында өнер көрсетіп, жеңіске жету әркімге бұйыра бермейді. Мұндай турнирде әрбір жеңіс қай команда үшін финалдық ойынға пара-пар. Аян Әбдуәли. Фото: vk.com, indianexpress.com,
Соңғы жаңалықтар