АҚШ-та футболдан өтіп жатқан Америка Кубогы жарысы бел ортасына келді. Бүгін С тобындағы командалардың топтық турнирдегі ойындары мәреге жетті.
Мексика мен Венесуэла арасындағы матч 1:1 есебі аяқталса, Уругвай Ямайка құрамасын 3:0 есебімен ұтты. Бұл кездесуде де автогол болды. Ямайка құрамасының қорғаушысы Джи-Вон Уотсон 67 минутта өз қақпасына гол соқты.
Мексика мен Венесуэла 7 ұпаймен ширек финалға шықты. Ал Уругвай 3 ұпай ғана алып, үшінші орынды қанағат тұтты. Биылғы турнир Уругвай мен Бразилия үшін сәтсіз өтті. Аталған жарыста үнемі аты озып жүретін командалар тиісті нәтиже көрсете алмай, ауылдарына бармақтарын тістеп қайтты. Бразилия алғаш рет 1987 жылдан бері топтан шыға алмады. «Пентакампеондар» жасағын турнирдің бел ортасында аттан түсірген Перу командасы В тобында бірінші орын алып, ¼ финалға шықты. Осы топта Эквадордың да жолы болып кетті. Олар да келесі айналымда өнер көрсетеді.
Ертең D тобының соңғы матчтары өтеді. Чили Панамамен, Аргентина Боливиямен кездеседі. Осы топта «Альбиселесте» командасы бірінші орында тұр. Олар ширек финалда Венесуэламен ойнайды. Панама мен Чилидің арасындағы ойында жеңген құрама Мексикамен кездеседі. Бұл матчта есеп тең аяқталса, Чили келесі айналымға шығады. Өйткені, олардың доп айырмашылығы Панамаға қарағанда жақсы. Чили қарсыластар қақпасына 3 доп соғып, өздеріне 3 доп жіберген. Ал Панама 2 гол соғып, 6 доп жіберіп алған.
Дастан Кенжалин.
Фото: championat.com
Видео: vkontakte әлеуметтік желісі.
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e