• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2016

Футбол. «Еуро-2016». Венгрия жеңіске жетті (видео)

196 рет
көрсетілді

Футболдан Еуропа чемпионатының F тобында өнер көрсететін Австрия мен Венгрия құрама командалары Бордо қаласындағы «Матмю Атлантик» стадионында кездесті. Австрия - Венгрия 0:2 Австрия: Роберт Альмер, Флориан Кляйн, Александар Драгович, Мартин Хинтереггер, Кристиан Фухс, Юлиан Баумгартлингер, Давид Алаба, Мартин Харник (Алессандро Шёпф 78), Златко Юнузович (Марсель Забитцер 59), Марко Арнаутович, Марк Янко (Рубин Окоти 65) Венгрия: Габор Кирай, Аттила Фиола, Рихард Гузмич, Адам Ланг, Тамаш Кадар, Зольтан Гера, Адам Надь, Балаж Джуджак, Ласло Кляйнхайзлер (Золтан Штибер 79), Кристиан Немет (Адам Пинтер 89), Адам Салаи (Тамаш Пришкин 69) Голдар: Адам Салаи 62, Золтан Штибер 87 Матч қызу өтті. Венгрия құрамасының ұйымдастырған шабуылдары голмен аяқталып жатса, Австрияның жолы болмады. Бірқатар қауіпті сәттер орын алғанымен, ойындағы алғашқы гол екінші таймда ғана соғылды. Қақпашы Роберт Альмермен жеке шыққан Адам Салаи мүмкіндігін тиімді пайдалана білді. Ал кездесудің соңына таман бүкіл ойыншыларымен алға шығып кеткен австриялықтардың бұл қателігін қарсыластары ұтымды пайдаланды. Қарымта шабуылға шыққан Венгрия ойыншылары Золтан Штибердің көмегімен матчтың соңғы голын соқты. Аян Әбдуәли. Фото, видео: vk.com.