• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2016

Мектеп есебі интернет пайдаланушыларды дүр сілкіндірді

269 рет
көрсетілді

Англия мектептерінің бірінде оқушы балаларға геометрия пәнінен берілген есепті шешуге арналған қызу пірікталас әлеуметтік желілердегі интернет пайдаланушыларды аяқ астынан дүрліктіріп жіберді. Оқиға Манчестер қаласына таяу маңдағы Глоссеп деген қалашықтың бір мектебінен өріс алған. Осы білім ордасында оқушыларға геометриядан үйде шығарып келу үшін есеп беріледі. Есепте екі көп бұрыштың периметрін анықтау тапсырылады. Шәкірттердің ешқайсысы оны өздігінен шығара алмайды. Балалардың бірі сосын экономист болып қызмет ететін әкесін көмекке шақырады. Бірақ, қырсық шалғанда, оқушының қырық үш жастағы әкесі де, оған көмекке келген әжесі де есепті шеше алмай, әбден тығырыққа тіреледі. Содан кейін отағасы «Твиттер» әлеуметтік желісіне шығып, жұртты есепті бірлесіп шешуге шақырады. Сол-ақ екен, интернет пайдаланушылар арасында есеп жөнінде қызу пікірталас басталып кетеді. Оған қатысушылардың көпшілігі тапсырманың балалар үшін өте ауыр екенін алға тартса, бір пайдаланушы тіпті мұндай есептер берудің ешбір мәні жоқ екенін жазады. Аталған есепті бірқатар математик мұғалімдер де шеше алмапты. Соңынан оның дұрыс жауабын B K Eindvistle есімді бір падаланушы ғана беріпті. Ол екі фигураның параметрі қырық төрт сантиметр болатынын жазыпты. Енді біз де өз оқырмандарымызға осы бір керемет есепті шығарып көруді ұсынамыз. Талғат Райымбек. Мәнбе, фото: Planet.today.

 
Соңғы жаңалықтар