• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2016

Көктемгі шақыру

242 рет
көрсетілді

Оған 5 мыңға жуық қазақстандық тартылды Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. Қазірдің өзінде Қазақстан Қару­лы Күштерінің ҰҚК Шекара қыз­метіне, Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге алу аяқталды, ал Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының қатарын толықтыру әлі де жалғасуда. 18 бен 27 жас аралығындағы әскерге шақыруға жататын жас­тардың жалпы санының 5 000-ға жуығы Қазақстан Қарулы Күш­терінде әскери қызмет өткеруге жіберілді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне 900-ге жуық, «Шығыс» өңірлік қол­басшылығына – 500-ден аса, ал «Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 500-ден аса, сондай-ақ, «Астана» өңірлік қолбасшылығына 30-ға жуық жас қызмет өтеуге жіберілді. Аэроұтқыр әскерлеріне 900-ден астам, ал оқу-жаттығу орталықтарына 800-ден аса адам жіберілді. Әуе қорғанысы күштерінің әскерлер сапы 900-ден аса адаммен толықты. Олардың ішінде жоғары білі­мімен әскерге алынғандар саны 20 адам, арнаулы-орта мамандық иесі – 3 000-нан аса, орта білімі бар  –        2 000-ға жуық адам. Бүгінгі күнге дейін Қарулы Күш­тердің қатарына әскерге шақы­рылғандардың барлығы Отан ал­дындағы борышын өтейтін жерлерге жіберілді. Жас толықтыруларды жөнелту алдында дәстүрге сәйкес шығарып салулар ұйымдастырылды, ал оларды мерзімді қызмет барысында әскери істің қыр-сыры мен жаңа жағдайларға бейімдеуге көмектесетін  командирлері, офицерлер қарсы алды. Алғашқы әскери даярлық бағ­дарл­амасы аяқталысымен жастар әскери ант қабылдап, содан кейін әскери қызметті атқару үшін тиісті лауазымдарға тағайындалады. Естеріңізге сала кетсек, Қазақ­станда 2016 жылы көктемде мерзімді әскери қызметке 14 мың қазақ­стандықты шақыру жоспарланған. «Егемен-ақпарат»