• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2016

34 млн. 790 мың теңге

310 рет
көрсетілді

осынша айыппұл төледі Қазір қоршаған ортаға бейжай қарап, табиғатқа қиянат жасайтын ірі кәсіпорындар мен өндірістік мекемелер көп-ақ! Олар компанияның әлеуетін арттыру жолында өнімді көптеп өндіргенімен, айналаға зиянын келтіріп отырғандарын қаперлеріне ала бермейді. Сондай кәсіпорынның бірі – Ақмола облысындағы «Алтын тау Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл мекеме таяуда табиғатқа орасан зор залал келтіруі салдарынан 34 млн. 790 мың теңге айыппұл төледі. Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының хабарлауынша, аталған кәсіпорын ірі мөлшердегі айыппұлды дер кезінде мемлекет қазынасына аударған. – Кәсіпорынның өндірістік қалдықтарды далаға төккені анықталды. Қазіргі таңда біздің тарапымыздан тиісті шаралар атқарылуда. Сонымен қатар, табиғатқа зиянын тигізген өзге де мекемелерді анықтап жатырмыз, – дейді прокуратура өкілдері. Айта кетейік, «Алтын тау Көкшетау» серіктестігі 2014-2015 жылдары экологиялық ұйымдардың рұқсатынсыз өндірістік қалдық­тарын ашық аспан астына төккен. Мамандардың есебі бойынша, 4 мың тоннадан асатын өндірістік қалдықтар табиғат аясына шашылған. Сонымен қатар, қазандықтарға жағатын 321 тонна көмір рұқсат етілмеген жерге төгілген. Бүгінде табиғатты қорғау прокуратурасы тарапынан еліміздің әр өңіріндегі өндіріс ошақтары жіті бақылауға алынып, олардың қоршаған ортаға қаншалықты залал келтіріп жатқаны тексерілуде. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар