• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2011

Сұлулық тәжі көкшетаулық Күміс Базарбаеваға бұйырды

427 рет
көрсетілді

Алматыда спорт пен мәдениетті біріктіруге үндейтін «Мәдени Азиада» іс-шаралары аясында өткен «Азиада аруы-2011» байқауы мәреге жетті.

Ақ Азиаданың екінші күнінде спортшыларымыз дүлдүл жарыс­та қоржынымызға түскен ол­ж­а­­лары­мен қуантса, кешкісін «Rixos» қо­на­қүйін­де финалға шыққан жиыр­ма аруы­мыз Қазақстан мен оның хал­қының ерекшелігі мен сұлу­лы­ғын көр­сетуге мүмкіндік туып, өз бақ­тарын сынады. Сөйтіп, Бас жүл­де – Азиада аруы тәжін жиыр­ма екі жас­тағы көкше­таулық Күміс Базарбаева тақса, бірінші орынды – талды­қор­ғандық аруы­мыз Әйгерім Досболова, Орал қала­сынан келген Саида Әді­лова екінші ару атанса, ал үшін­ші орынға Роза Ахмедиева қол жеткізді.

Ұйымдастырушылардың ай­туын­­­ша, байқауға қатысуға елі­міздің әр түкпірінен жүзден аса ару өтініш білдіріп, соның жиыр­масы ғана финалға жолдама алған. Төрт кезеңнен тұрған ақтық сынға қатысушылар төрт рет түрлі сәнді киіммен шығып, өздерін әр қырынан көрсетуге тырысты.

«Азиада аруы» байқауы – спорт пен өнерді жақындас­тыра­тын және біздің жастарымыздың саламатты өмірге, спортқа, жан сұлулығы мен тән сұлулығына үндейтін ерекше мерекелік шара. Қазақстандықтар – денсаулығы мықты және көркем ұлт, ал біздің жоба оны бүкіл әлемге паш етеді, – дейді байқаудың бас директоры Константин Коротков.

Бір айта кетерлігі, қазы­лар ал­қа­сы мүшелерінің арасын­да әртіс­тер, дизайнерлер мен спорт­шылар болды. Олар – Олимпиада чем­пионы Ольга Шишигина, бір­қатар халықаралық байқау­дың жүлде­гері, белгілі дизайнер Кенже Девятко, «Қазақстан аруы – 2007» Альфина Насырова, т.б.

– Аруларымыздың барлығы дер­­лік шетінен көрікті, әдемі болған­дықтан қазылар алқасына бас аруды таңдау оңайға түспеді, – деді бізге берген сұхбатында белгілі эстрада әншісі, әділ қазылар алқа­сы­ның төрағасы Нұрлан Абдуллин. – Дегенмен, көпшіліктің дауы­сы­мен Күміс қызымыз жеңімпаз атанды. Аруларға қойылған талап, тек сах­наға шығып, өздерін көр­сетіп, ар­лы-берлі жүріп өту емес, сол арада өздерін қалай ұстайды, ішкі мә­дениетін, жан дүниесін, ішкі сұлу­лығын қалай бере алады, соған да көбірек көңіл аудардық. Оның үстіне, ару­ларды таңдаудың өз заң­дылық­тары бар. Біздің қыз­дары­мыз ол жағынан да сол шарттарға лайықты бола білді. Мәсе­лен, Күміс өзі болашақ өнер адамы бол­ғандықтан, бұл сыннан мү­дір­мей өтті деп ойлаймын.

Шынында да, айдай сұлу Күміс аруымыз мұн­дай ал­қалы топқа тұңғыш рет қаты­сып отырса да, қай жағынан болса да көрер­мен­дердің де көңілін жаулап ала білді. Сүй­кімді жы­миысы, жы­лы қабақ, өзін сахнада ұстауы өзге­лер­ден ерек кө­рін­ді. Бұл бай­қаудың үл­кен мектеп бол­ға­нын атап өткен Күміс өзін Көк­шетау қаласының тұрғы­ны­­мын деп та­ныс­тырды. Қазір Ал­маты­да Құр­ма­нғазы атындағы мемлекеттік кон­сер­ваторияның бесінші курсын­да опе­ралық вокаль маман­ды­ғына оқи­ты­нын, болашақта үлкен өнерге қадам басқысы келетінін жеткізді.

– Бүгін менің өмірімде ертегідегідей ғажайып күн болды. Өте қуаныштымын. Бірақ, бір нәрсені баса айтқым келеді, адам қашан­да өзіне сеніп, ешқашан өз арман-тілегінен, үміт күтуден қайт­пау керек екен. – Байқау кезінде ең күрделі де қиын болған сәт, екі апта бойы да­йындалып жеткен нәтиже­ден айры­лып қалмай, соны іске асыру. Мәсе­лен, сахнаға шыққанда өзіңді жинап алу. Маған мұндайда көмекке кел­ген өзіме деген сенімім, өз жеңі­сім, – деді бізге ару қызымыз Күміс.

Сондай-ақ, мәдени шара ая­сында қазақстандық шоу-бизнес­тің жұл­дыздары өнерлерін ортаға сал­ды. Әсіресе, домбырашы Асыл­­бек Ең­сеповтің күйлері жиналған қо­нақ­тардың көңіліне желік, екпін әкелсе, «Орда» тобының әнші жігіттері қазақ әндерін бимен әспет­теп, жұрт­т­ың ықыласына бө­ленді, ал дизайнер Кенже Девятконың кол­лекция­ларына жиналғандар таң­дай қақты.

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.

Катарина ВИТТ: Азия мўз айдыны аруларыныѕ деѕгейі ґсіп келеді

Айнаш ЕСАЛИ.