• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2016

Телефон арқылы сөйлесті

206 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Модимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ өңір­лік және халықаралық маңызды мәсе­лелерді талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық күн тәртібі жөніндегі тараптар ұстанымының ортақтығы мен сая­си қарама-қайшылықтың болмауы екіжақты диалогты ұдайы дамы­туға қолайлы жағдай қалыптас­ты­ратынын атап өтті. Н.Моди Астанамен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту Үндістанның Орталық Азия­дағы сыртқы саясатының басым­дығы бар бағыты екенін мәлімдеді. Тараптар екі мемлекетте де бірін бірі толықтыратын ынты­мақ­тастықтың әлеуеті жеткілікті екенін құптай келіп, жан-жақты эконо­микалық кооперацияны да­мытуға бар күш-жігерді жұмсауға әзір екенін білдірді. Телефонмен әңгімелесуге Үн­дістан тарапы бастамашылық етті.