• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2016

Фотодерек: 14 маусым

246 рет
көрсетілді

Еуропа чемпионатында тағы бір рекорд жаңарды. Кеше Венгрия құрамасының сапында алаңға шыққан 40 жастағы қақпашы Габор Кирай дүбірлі доданың тарихында жасы үлкен футболшы атанды. Футболдан Бразилия құрама командасының бас жаттықтырушысы Дунга қызметінен босатылды. Ол «пентакампеон» ойыншыларын Америка кубогы турнирінде ширек финалға шығара алмады. Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. Мәліметтер бойынша, биыл көктемде мерзімді әскери қызметке 14 мың қазақстандықты шақыру жоспарланған. Халықаралық көші-қон ұйымының хабарлауынша, дүние жүзінде соңғы 20 жылда қауіпсіз аймаққа қоныс аудармақ болған 60 мыңнан астам босқын із-түзсіз жоғалып кеткен. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңда елімізде 108 мың киік қана қалды. Аян Әбдуәли. Фото: vk.com, sport-express.ru, inform.kz, ria.ru, dalanews.kz.
Соңғы жаңалықтар