Қарағанды облысында 15 сәуір мен 13 маусым аралығында тұрғындар қолында заңсыз сақталып келген қару-жарақ, оқтар, жарылғыш заттар мен материалдарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізілді.
Акция шеңберінде Қарағанды облысының ішкі істер органдарына 68 азамат өз еркімен келіп, оқпен атылатын 103 дана қару түрлері мен оларға арналған 61 дана оқты тапсырды.
Қазіргі таңда тұрғындарда заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алуға арналған қаржы толығымен игерілген.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.