• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2016

«Еуро-2016». Румыния мен Швейцария тең түсті (видео)

256 рет
көрсетілді

Футболдан Еуропа чемпионатының А тобында өнер көрсететін Румыния мен Швейцария құрама командалары Париж қаласындағы «Парк де Пренс» стадионында кездесті. Матч 1:1 есебімен аяқталды. Румыния – Швейцария 1:1 (1:0) Румыния: Чиприан Тэтэрушану, Йонут Сапунару, Влад Кирикеш, Драгос Григоре, Рэзван Рац (Стеляно Филип 62), Андрей Препелита, Михай Пинтилий (Овидиу Хобан 45), Габриэль Торже, Богдан Станку (Флорин Андоне 83), Александру Кипчу, Клаудиу Кесеру Швейцари: Янн Зоммер, Штефан Лихтштайнер, Фабиан Шер, Йохан Джуру, Рикардо Родригес, Валон Бехрами, Гранит Джака, Джердан Шакири (Шани Тарашай 90), Блерим Джемаили (Михаэль Ланг 83), Адмир Мехмеди, Харис Сеферович (Бриль Эмболо 64) Голдар: Богдан Станку 18 – Адмир Мехмеди 56 Кездесудің 18 минутында алғашқы гол соғылды. Бас төреші Сергей Карасев айып алаңындағы допқа тартыс кезінде Румыния командасының ойыншысы Александру Кипчуге қарсы ойын тәртібі бұзылды деген оймен күмәнді пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын сәтті орындаған Богдан Станку өз құрамасының бірінші голын соқты. Швейцария оңай беріле қоймады. Бірқатар қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанының арқасында 56-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Бұрыштама добынан кейін орын алған сәтте Адмир Мехмеди қақпаны дәл көздей білді. Аян Әбдуәли. Фото, видео: vk.com.
Соңғы жаңалықтар