Азиадада Қытай құрамасы мәнерлеп сырғанаудан ең үздік шеберлерімен өнер көрсетеді.
Олардың арасында жекелей мәнерлеп сырғанаудан Азиадада секірмейтін элементтерді жақсы орындайтын 16 жасар қытайлық Бингва Дженг, Жапонияда жасөспірімдер арасында өткен жарыста қола медальді жеңіп алған Кексин Жанг, жұбы өткен жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын және Қытай чемпионатын жеңген Конг Хан мен Венжинг Суи, Квинг Панг пен Чжан Тонг жұбы бар. Алайда, олар әлі күнге дейін ірі турнирлерде жүлдегерлер үштігіне енген жоқ. Дегенмен қытай саңлақтары Азиадада бар күш-жігерімізді саламыз деуде.
Команда құрамында тағы 2007 және 2008 жылдары өткен Қытай чемпионаттарында чемпион болған Ксинтонг Хуанг – Ксюнь Женг жұбы өнер көрсетеді. 26 жасар қытайлық жеке сырғанаушы Джиалианг Ву болса, екі жыл бойы Қытай чемпионатының алтын жүлдегері атанған.