Басқа-басқа, жас баланың шырқырап ауырғаны қиын. Бұл ата-ана үшін де, емдеуші дәрігер үшін де өте ауыр жағдай. №1 Тараз қалалық балалар ауруханасы жыл сайын 7000-нан аса науқасты қабылдайды. Олардың 65-70 пайызына шұғыл жәрдем керек. Науқастардың 95 пайызы емделіп, айығып шығады.
Өткен жылы оңалту бөлімшесі арқылы 690 ауру бала өтті. Бөлімшенің негізгі мақсаты – аурудың созылмалығы мен асқынуларының алдын алу, баланың денсаулығын қалпына келтіру. Бұл үшін ауруханада емдік дене шынықтырудың 3 жабдықталған кабинеті бар. Ол тренажерлармен және басқа да құралдармен, физио бөлмелермен жабдықталған.
Бөлімше дәрігерлері 2015 жылы диспорт-терапия жүргізу үшін арнайы оқу курстарынан өтті. Диспорт терапиясы 56 жүйке жүйесімен ауыратын балаларды қабылдайды. Дәрі-дәрмектік еммен қатар Монтессори, еңбек терапиясы, психолог, логопед, емдік дене шынықтыру кабинеттерінде 6-дан 18 жасқа дейінгі емделушілерге арналған әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық оңалту жүргізіледі. Бұл бағытта ашылғанына бір жыл болған сенсорлық бөлмені ерекше мақтанышпен айтуға болады. Мұнда балалар психоэмоционалдық жеңілдіктер алады. Босаңсу ем-шаралары кезінде ми жарақатынан, депрессиядан, қозғалыс бұзылуынан соң ағзаны қалпына келтіру үшін тонустық элементтер қолданылады. Одан басқа тиімді емдеу бассейнінде гидрокинезо емдеуі жүргізіледі. Сондай-ақ, балаларды емдеуге арналған «Атлант» оңалту костюмдері алынды, бұл бала ағзасының бұлшық еттерінің жұмысы мен нығаюы, олардың күштік сапасын арттыру үшін қолданылады.
Жаңа типтік аурухананың жақсы жабдықталуының арқасында соңғы 3 жылда үлкен өзгерістер болды. Дұрыс күтім көрсетілуімен, қажетті температуралық тәртібімен және тазалық сақталуымен біз бұрынғыға қарағанда шала туған балаларға неғұрлым көбірек көмек көрсетудеміз. Бұл саладағы көптеген тәжірибені Балтық жағалауынан келген әріптестерімізден алдық. Өскелең ұрпақ денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Біз оны сақтауға және уақтылы, сапалы медициналық көмек көрсетуге барлық күшімізді саламыз.
Райымбек НҰРЖАНОВ,
№1 Тараз қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері,
медицина ғылымдарының кандидаты
Тараз